Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Директор
+ 7(***) ***
Приемная

Новости

2 Марта 2021

Тәртіп-тәрбие бастауы,тәртіпсіздік өмірімнің қас жауы

Жерұйық негізгі мектебінде құқық бұзушылықтың,тәртіпсіздіктің алдын алу,тәртіп пен тәрбиенің бастауын анықтап,отбасы мен мектеп тәлімінің мәнін ашу, оқушыларды жағымсыз қылықтардан сақтандырудың жолдарын қарастыру мақсатында 5-6 класс оқушылары арасында "Тәртіп-тәрбие бастауы,тәртіпсіздік өмірімнің қас жауы" атты тәрбиелік шара өткізілді
2 Марта 2021

"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы шын жүректен құттықтаймыз !

Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Сіздерді көктемнің алғашқы күні ,алғыс айту мерекесімен "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы шын жүректен құттықтаймыз !
2 Марта 2021

Алғыс айту күні

«Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.Бұл күн - мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі . Бастауыш класс оқушыларының құттықтауы
2 Марта 2021

Мектеп формасына қатысты

Құрметті ата-аналар!

Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар.

Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады.

Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын.

Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім.

Құрметпен, мектеп әкімшілігі.
2 Марта 2021

Атамекен республикалық ән байқауы

Музыка пәні мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілері арасындағы Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындауға арналған "Атамекен" республикалық ән байқауында жүлделі ІІІорынға ие болған
Калкешева М.С.
Құттықтаймыз!
2 Марта 2021

1 наурыз-Алғыс айту күні

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Мереке қарсаңында Жерұйық негізгі мектебінде "1 наурыз-Алғыс айту күніне" арналған тәрбие сағаттары өткізілді
2 Марта 2021

Сарғайса да тарихтың ақ парағы, олар мәңгі жадымызда сақталады

Алаш қайраткерлері өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар. Жерұйық негізгі мектебінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтылған Алаш қайраткерлерін дәріптеу мақсатында "Сарғайса да тарихтың ақ парағы, олар мәңгі жадымызда сақталады" атты Алаш қайраткерлеріне арналған стенд жасалды.
1 Марта 2021

Тәуелсіздік- биік сені айбының

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған аудандық қашықтықтан өткен "Тәуелсіздік- биік сені айбының!" атты эссе байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болған Амангелдиева Дана Жетекшісі Аманғалиев Б.М.
Құттықтаймыз!
1 Марта 2021

Тәуелсіздік тұғырым!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Тәуелсіздік тұғырым!" атты сурет байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болған 7 класс оқушысы Байқадам Дильназ.Жетекшісі Аршавская О.А.
Құттықтаймыз!
1 Марта 2021

Дәстүр мен ғұрып

Ұлттық бірегейлікті сақтауда қанымызға сіңіп, тұрмысымызға айналған
салт-дәстүрдің маңызы жоғары. Рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, сабақтасуы мәңгілік ел болудың негізгі өзегі.Осы ретте, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "30 қайырымдылық іс" акциясы, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында Жерұйық негізгі мектебінде "Менің жетістігім" атты оқушылардың өз қолдарынан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге көркем еңбек пәнінің мұғалімі О.А.Аршавскаяның ұйымдастыруымен папье-машеден, ащы қамырдан жасалған қазақтың ұлттық бұйымдары-торсық, ұлттық ою-өрнегі бар құмыра, ыдыстар, ұлттық ою-өрнек қойылды.